Қарияны автобустан түсіріп қана қоймай, азық-түлігін басып кетті. Қарағандыдағы қоғамдық көлік жүргізушісінің әрекеті көпшіліктің ашуын тудырды. Оқиға қаладағы базар маңында болған. Рөлдегі азамат зейнеткердің бірнеше қорап пен сөмке алып мінгеніне қарсы болып, одан автобустан түсуін талап еткен. Артынша заттарын да сыртқа шығарып тастапты. Салдарынан алма мен қызанақтар жолға шашылып, көліктердің астында қалған. Ал куәгерлердің сөзінше, сол сәтте қоғамдық көлік жартылай бос болған екен. Полиция 40 жастағы жүргізушінің кім екенін анықтап, оған 21 мың 625 теңге айыппұл салыпты. Қазір ол жұмыстан шеттетіліп, сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалған.