Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 33 қаралым

Шайдоров тағы марапатқа ие болды

Чемпион Михаил Шайдоров тағы бір марапатқа ие болды.

Мәнерлеп сырғанаушыға Ұлттық олимпиада комитетінің ең жоғары наградасы саналатын орден берілді. Оны спортшыға ұйым президенті Геннадий Головкиннің өзі табыстады.

Салтанатты рәсім елордада өткен Комитеттің Бас ассамблеясы отырысы аясында ұйымдастырылды. Шайдоров бұл марапатқа Қазақстан тарихында алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанғаны үшін ие болды.

Айта кетейік, бұл оның биыл алған алғашқы марапаты емес. Ақпан айында ол тарихи жеңісі үшін Мемлекет басшысының қолынан екінші дәрежелі «Барыс» орденін алған еді.

← Барлық жаңалықтар