11:05 Тікелей эфир «ДАВАЙ ПОЖЕНИМСЯ!»
11:55 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «СОБЛАЗН»

«КУЗНЕЦ МОЕГО СЧАСТЬЯ»
СЕНБІ 16:40

Валентина – мықты хирург, ол ең күрделі деген оталарды жасайды. Және Валентина науқастарды толықтай айықпайынша көзінен таса қылмайды, себебі оның өмірлік ұстанымы – кез келген істі аяғына дейін жеткізу.

Антон – болмысы Валентинаға қарама-қайшы адам. Қалталы отбасыдан шыққан жігіт өмірге жеңіл-желпі қарайды, жасы 30-ға келсе де, өз жолын тауып үлгермеген. Істеген ісі аяқсыз қалады.

Болмысы бір-біріне мүлдем ұқсамайтын Валентина мен Антонды тағдыр тоғыстырады. Валентина көлікпен келе жатып, Антонды қағып кетеді, ал жігіт басын жарақаттап, есінен айырылады. Ол тіпті өзінің есімін де білмейді.

Дәрігер оның амнезиясын уақытша деп санайды. Тезірек сауығуы үшін ол науқасқа таза ауа жұтып, күш түсетіндей жұмыс жасамауға кеңес береді.

Валентина Антонды саяжайдағы үйіне апарып, оны сауықтыру үшін барлығын жасауға бел буады.

X