Әйел сыры
Әйел сыры
19.09.2016

03-aiel_syry

Әрбір әйел жасы мен әлеуметтік жағдайына қарамастан бір нәрсені – махаббат, бақыт, өзімен-өзі үйлесімді өмір туралы армандайды. Осының бәріне аптыққан қарқыны өз ережесін таңатын қазіргі заманда қалайша қол жеткізуге болады? Өзіңді және өзіңнің «меніңді» қалай жоғалтпай, мықты отбасын құрып, сыйластықты сақтауға және өмірде қатар жүруді үйренуге, сонымен бірге дені сау, келбетті де тартымды болып қалу қайткенде мүмкін? Әр жастағы және өздеріне баурап алатын, мінездері ұқсамайтын әрі өмірге өзіндік көзқарастары бар үш жүргізуші – Данагүл Темирсуланова, Майя Веронская мен Гульназ Жоланова – жаңа ток-шоудың студиясында осы тақырыптарды талқылайды және белгілі бір жағдайда қалай әрекет еткеннің дұрыстығы жайында кеңес береді.

Әрбір бағдарлама бір тақырыпқа арналады. Студияда арнайы шақырылған сарапшылар мен медиялық тұлғалардың сан алуан пікірлері мен өз өмірлерінен алынған мысалдар тілге тиек етіледі. Сонымен қатар бағдарламада егжей-тегжейі әзірге құпия ұсталатын «Шаңырақ» пен «Выход в свет» екі тұрақты айдары жарық көреді.

 



Достарыңмен бөліс: