Ән дария
Ән дария
19.09.2016

04-an_dariya

Ескі әндерді қазақстандық орындаушылар шырқайды! «Еуразия» бірінші арнасында «шоу-концерт» форматындағы жаңа  «Ән дария» жобасы өз жұмысын бастайды. Мұндай бағдарламаны қазақстандық көрермен көптен күтті. «Ән дария» отандық эстрада жұлдыздарының молдығы, көңілді әрі ұшқыр ойлы жүргізушілер ғана емес, бұл бірінші кезекте сапалы, тіпті эксклюзивті репертуар. Жобаға шақырылған әртістер орындайтын әндердің ерекшелігі – олар қазақстандықтардың жүрегіне жол тапқан ретро композициялар. Оның үстіне, әрбір шығарылым белгілі бір тақырыпқа арналады. Мысалы, «Бір көргеннен ғашық болу», «Дастарқан», «Кино» және т.б.

Жүргізушілер: Қазына Әбдіғаппарова және Эльдар Серікбаев

Жіберіп алмаңыздар! Елдің ең рейтингілі арнасының сахнасында жұлдызды шашу!



Достарыңмен бөліс: