Сапа бақылауда
Сапа бақылауда
19.09.2016
07-sapa_bakylauda
«Сапа бақылауда» тұтынушыларға өнім таңдауда бағыт-бағдар береді.
«Сапа бақылауда» жобасы үш бөліктен тұрады: бірінші – «халықтық сараптама». Қарапайым сатып алушылар өнімнің дәмін татып, өз шешімдерін шығарады, дауыс береді. Ары қарай апта бойы тауарларға мамандар сараптама жасайды, олар да қай өнімнің қай өндірушінікі екенін білмейтін болады. Барлық ұсынылған үлгілер бактериологиялық және тамақ тазалығы зертханаларында зерттеуден өтеді. Демек, үлгілерге мұқият тексеру жүргізіледі. Үшінші бөлік – қорытындыны жариялау. Қай өнімнің сапасы, дәмі жақсы екені және қайсысының тұтынушыға көбірек ұнайтыны белгілі болады.
Сараптамаға әртүрлі өндірушілердің: қазақстандық және шетелдік өндірушілердің өнімдері жіберіледі. Алайда отандық тауарларға дегенмен, басымдылық беріледі. Бағдарлама аясында авторлар сонымен қатар дұрыс тамақтану сияқты тақырыптарды қозғап, диетологтардың кеңестерін, зауыттар мен фабрикалардың «көлеңкелі әрекеттерін» көрсетеді.


Достарыңмен бөліс: