Енді әскери киім кигеніңіз үшін айыппұл арқалауыңыз әбден мүмкін. Тіпті, қазірдің өзінде бұл бастама көтеріліп, рейдтер де ұйымдастырылуда. Бірақ, қимыл-қозғалысқа ыңғайлы деген көпшілік ең алдымен сатылымға шығаруды тоқтату керек деп наразылықтарын білдіруде. Өйткені, қара базарда кім-көрінген пұлын төлеп пайдалана береді екен. Мемлекеттік қызметкерлерге арналған форманы не себепті тұрғындардың тұтынуына тосқауыл қойылғанын тілшіміз біліп келді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Көшеден камуфляж немесе құзырлы орган өкілдерінің киімін киіп жүрген қарапайым тұрғындарды көру біздің қоғам үшін үйреншікті жайтқа айналған. Себебі, қолы жеткеннің барлығы сапасының жақсы екендігін айтып пайдаланып жүрген. Бірақ, соңғы уақытта шектеу қойылып, тек қана арнайы қызметкерлердің ғана киюіне рұқсат берілді. Бірақ, көпшілік мұнымымен келіспейді.
Serik Duissengaliyev: «Тек шеврондар мен жапсырмаларға, погондарға шектеу қою керек!
8888: Ондай болса бірінші өз қателіктерін білуі тиіс басшылар. Содан кейін заңды қудалауға болады. Магазиндер мен базарларда сатқызбауы тиіс форманы. Ал егер әскери адамдарға мемлекет тарапынан тек қоймада берілсе, басқа ешкім кие алмайды. Ал егер базарлар мен дүкендер сатса әрине халық пайдаланады».
Қазіргі уақытта қаладағы базарлар мен дүкендерде мұндай киімдерді сататын орындар жетерлік. Құнын төлесең, қалағаныңды аласың. Бірақ, сатушыларға да арнайы құжат сұрап тауарларын беру туралы ескертілген. Алайда, кейбірі әлі де болса бой үйрете алмай жатқан сыңайлы.
«Мына азаматқа сіз саттыңыз ба пагонды, шевронды? Иә, Иә, Қызметтік куәлігін сұрадыңыз ба? Жоқ жаңа адамдар келіп қалғандықтан, сұраймын деп ұмытып кетіппін».))
Мамандар мұндай шектеудің қойылу себебі китель киген қарапайым жұрттың қылмыс жасап, аттарына дақ келтіруімен байланыстырды. Сонымен қатар, көшеден сатып алып қылжаққа айналдыратындар да жетерлік. Мәселен қарашаның басында полицей формасын киген азамат әлеуметтік желіге би билеп салған еді. Бірақ, соңынан кешірім сұрап, білместікпен жасағандығын жеткізді. Сондықтан, тек арнайы құжатпен ғана сатылуы қажет дейді полиция департаментінің өкілі.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Бүгінгі таңда полиция қызметкерінің киімін киіп, сайқымазаққа айналдыру бір жөн, қылмыстарды жасайтын азаматтар да, деректер де бар. Сондықтан бұл деректерді болдырмау үшін және алдын алу үшін осындай рейдтік шаралар ұйымдастырылды».
Ал, қорғаныс министрлігі әскери киімдерді кию кезінде бірқатар тұрғындардың өрескел қателіктерге жол беретіндігін жеткізді. Атап айтар болсақ, ешқандай әскери органның белгісі болмауы тиіс.
РҮСТЕМ ЖАҢБЫРОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНСИТРЛІГІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ЖӨНІНДЕГІ БАС БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қарулы күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарды айырым белгілері бар киімдерді іскери емес азаматтардың киуіне болмайды. Әскери киімнің өзін ешқандай айырым белгісінсіз киюге тиым салынбаған, Сондықтан базарлар мен саудар оырндарында еркін сатылымда».
Бір Алматы қаласының өзінде жүргізілген екі күндік арнайы рейд барысында 16 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Құжат сұрамай немесе ұмыттым дегендердің қолына ұстатқан саудагерлер заң шеңберінде айыппұл салынды.