Елордадағы қарды тазартуға кедергі келтіретіндер жауапқа тартылуда
Елордадағы қарды тазартуға кедергі келтіретіндер жауапқа тартылуда
10.01.2017

Елордадағы қалың қар жұртқа біраз қиындық туғызуда. Ауладан уақытылы шығарылмағандықтан, тапталып, жер мұз айдынына айналғандай. Әсіресе зейнеткерлердің шамына тиюде.

«Негізінде график бойынша ешқандай  тазартылған жоқ. Қардың көптігіне орай. Көбінесе бұл үйде пенсионерлер тұрады. Олардың далаға-кіріп шығуының өзі қиын болды. Даже помойканың өзін апарып келу үлкен проблема болды» — Астана қаласының тұрғыны Батира Ақисаева.

«Тұрғындардың өздері кінәлі. Машиналарын қайда болса сонда қойып кетеді. Трактор алып келсен, ертеңге дейін қасында жүресің. Мынау сенің машинан деп кешке дейін айқаласып жүресің. Біздің Сарыарқа районында 12 ТОО бар, уақытысында келіп жинамайды. Олар 5-ші рет келіп жинау керек. Ал бүгін, 4-нен бастап айқаласы-айқайласып бүгін ғана кіргіздім» — пәтер иелері кооперативінің төрағасы Мұрат Қалибекұлы.

Бұдан былай, үй маңын тазалауға кедергі келтіріп, жолға қойылған жеңіл көлік иелеріне полиция 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салады. Яғни, көлік жүргізушілер де әімшілік жауапкершлікке тартылмақ.

«Таңғы 7-00 ден бастап, кешкі сағат 23-00 дейін жұмыс жасаймыз. Тұрғын үйлердің аулаларында толған көліктер. Олардың бәрі бізге үйге кіруге кедергі келтіреді» — Жекеменшік коммуналдық кәсіпорын жүргізушісі Дәулет Дүрекенов.



Достарыңмен бөліс: