4 бірдей облысты аяғынан тік тұрғызған бұзақылар ұсталды
4 бірдей облысты аяғынан тік тұрғызған бұзақылар ұсталды
10.01.2017

4 бірдей облыс пен көршілес Ресейлік полицейлерді аяғынан тік тұрғызған бұзақылар ұсталды. Кеше түнде Павлодардың қақ ортасында атыс болып, қақтығыстан бір адам жараланған. Болжам бойынша жүргізушілер автотұрақтағы орынды бөлісе алмапты. Ымыраға келмеген соң жігіттердің бірі травматикалық тапаншадан оқ атқан.

«Қазіргі таңда оқиға орнында болған куәгерлер түсініктеме беріп жатыр. Оқиға орнында тәркіленген айғақ заттар зертхана сараптамасына берілген» — Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзумова.

Зардап шеккен адам 33 жастағы Павлодар азаматы. Ол ауруханаға өзі келген. Дәрігерлер бірден көмек көрсетіп, жарасын таңып берген.

«жарадан бірнеше пластмассалы оқ алынды. Көлемі шамамен 4 миллимерт болады. Атқан кезде бұрылып үлгерген. Барлығы арқасына тиіпті » — Бірінші қалалық аурухананың нейрохирургі Дәурен Сафиулла.

Зәбір көрген азамат түсініктеме беру барысында шындықты жасырып, оқиғаны бұрмалауға тырысқан. Арада тәулік өткен соң бұзақылар құрықталып, қылмыстың жай жапсары анықталған. Төрт бірдей облыстың полицейлері мен шекарашыларын, сондай-ақ көрші Ресейлік тәртіп сақшыларын дүрбелеңге салған бұзақылар Павлодардағы үйлердің бірінде жасырынып отырған. Олардың үстінен «бұзақылық» фактісі бойынша іс қозғалды.



Достарыңмен бөліс: