Мамандар елімізде тұмау өршуі мүмкін екенін ескертеді
Мамандар елімізде тұмау өршуі мүмкін екенін ескертеді
10.01.2017

Сақ болыңыз! Мамандар елімізде тұмау өршуі мүмкін екенін ескертеді. Әсіресе, қаңтар айының екінші жартысы мен ақпанның алғашқы он күндігінде вирустық инфекция қоздырушы артады. Соңғы аптада тұмау жұқтырғандар қатары көбінесе Алматы мен Қостанай облыстарында көбейген. Жалпы, өткен жылы 1-қазаннан, яғни эпидемиялық маусым басталғалы 250 мыңнан астам адам ОРВИ жұқтырса, оның 800-ден астамының тұмауға шалдыққаны расталған. Олардың басым бөлігі  14 жасқа толмаған балалар. Ал, 1 жасқа жетпегендер қатары 10 пайызды құрап отыр. Жүкті келіншектер — 4 пайыз. Тұмауға қарсы вакцина қабылдау кезеңінің аяқталуына байланысты мамандар тұрғындарға ескерту жасайды. Нақтырақ айтсақ, науқастармен мүмкіндігінше байланыста болмауға және жұқтырып алған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралуға кеңес береді.



Достарыңмен бөліс: