Тоғыз бірдей жүкті әйел жеделсатыға қамалып қалды
Тоғыз бірдей жүкті әйел жеделсатыға қамалып қалды
10.01.2017

Тоғыз бірдей жүкті әйел жеделсатыға қамалып қалды. Төтенше жағдайға тап болған келіншектердің бірі оқиғаны ұялы телефонына түсіріп алған. Белгілі болғандай, медбикемен қосқанда 10 адам 3-ші және 4-ші қабат аралығында лифтіден шыға алмай қалған. Аурухана пациенттері қорыққаннан, бірінен соң бірі жанұшыра айқайлап, көмекке шақыра бастаған. Тіпті кейбірінің іші ауырып, қан қысымы көтеріліп кеткен. Абырой болғанда, мамандар барлығын аман-есен шығарып алған. Видеоны түсірген азаматша оқиғаға қатысты полицияға шағым түсіретінін жеткізді. Ал емдеу мекемесінің басшылығы, келеңсіз жағдайға тап болған пациенттердің барлығынан кешірім сұраған.

 



Достарыңмен бөліс: