Мүгедек жандардан 6 млн теңге қаржы заңсыз өндірілген
Мүгедек жандардан 6 млн теңге қаржы заңсыз өндірілген
11.01.2017

Мүгедек жандардан салық пен алым ретінде 6 млн теңге қаржы заңсыз өндірілген. Мұндай былықты прокуратура өкілдері Қызылорда облысынан анықтады. Құзырлы органның мәліметінше, соңғы екі жылдың ішінде 3 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасылары түрлі салықтарды төлеп келген. Ал, заң бойынша мүгедек жандар жер, туу туралы анықтама алу үшін мемлекеттік баж салықтарынан босатылған. Одан бөлек бұл санаттағы азаматтар көпшілігі көлік құралдары мен мүлік салықтарын төлмейді. Енді заңсыз алынған қаржы иелеріне қайтарылатын болады. Ал прокуратура өкілдері жоғарыда айтылған салықтарды төлеген тұрғындар болса, келіп хабарлауына болатынын жеткізді.



Достарыңмен бөліс: