Еліміздің транзиттік әлеуетінің өсуіне тағы бір тамаша мүмкіндік
Еліміздің транзиттік әлеуетінің өсуіне тағы бір тамаша мүмкіндік
11.01.2017

— Әріптестер еліміздің транзиттік әлеуетінің өсуіне тағы бір тамаша мүмкіндік. Ресейден қытайға тасымалданатын мұнай көлемі артпақ.
— Одан бізге келіп кетер қандай пайда бар?
— Әсел, қара алтын біздің территория арқылы мұнай құбыры немесе темір жол арқылы тасымалданады. Біз білетіндей Қытайға шығатын мұнай құбыры бар. Демек біздің қондырғы пайдаланылады. Яғни бізге тасымал үшін төленеді.
— Ресей мен Қытай арасында 2023 жылға дейінгі келісімшарт бойынша қосымша 56 млн тонна қара алтын жөнелтілмек екен. Яғни біздің қазынаға қосымша кіріс.
— Жалпы транзиттік мүмкіндіктерге келетін болсақ сол қытайлықтар жүзеге асырып жатқан Жібек жолы мегажобасын айтуға болады. Біздің елді көктей өтетін Батыс қытай Батыс еуропа күре жолы соның жалғасы.
— Мамандар болжамынша, батыс қытай батыс еуропа көлік дәлізінен еліміз алдағы бірнеше жылда 5 млрд доллардан аса пайда табуы мүмкін.
— Мынаның әрқайсысы еліміздің аумағынан өткені үшін кеден бажын төлейді. Оның бер жағында Батыс қытай Батыс Еуропа көлік жолдары ақылы. Оған төлейді. Міне транзиттік әлеуеттің пайдасы шаш етектен.

 



Достарыңмен бөліс: