Отандық ғалымдар тұмауға қарсы вакцина дайындап шығарды
Отандық ғалымдар тұмауға қарсы вакцина дайындап шығарды
11.01.2017

Өзгеден сатып алмайтын болдық. Өзіміздің өнім қолданысқа шығуы мүмкін. Әрине, бірнеше кезеңнен тұратын сынақтан сәтті өтсе ғана. Айтпағымыз, тұмаудан қорғану үшін егетін вакцинаны енді шет елден сатып алуды доғаруымыз мүмкін. Қазақстандық ғалымдар маусымдық тұмауға қарсы вакцина ойлап тапты. Елімізде шығарылған алғашқы өнім зиянсыз, әрі иммуногенді болып табылады екен. Сондай-ақ ол осыған дейін Қазақстан жыл сайын шет елден сатып алатын препараттардан еш кем емес деген пікір айтылуда. Бағасы мен сапасы да ойдағыдай. Егер сынақтан сәтті өтсе, келесі жылы қолданысқа шығарылмақ.

«Осы вакцинаның ерекшелігі, бұл өзіміздің қоздырғыштардан, штандардан жасалған Қазақстанның, екіншіден бұл шетелдің вакцинасынан ешқандай төмен емес. Бағасы бірнешеи рет арзан өзімізден шыққаннан кейін. Сапасына біз ардайым жауап береміз» — Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Абылай Сансызбай.



Достарыңмен бөліс: