Ауыр сырқатқа шалдыққан қаршадай қызға көмек керек
Ауыр сырқатқа шалдыққан қаршадай қызға көмек керек
11.01.2017

Үш жастағы қызының даусын естіп, сауығып кеткенін көру тараздық Бақытғайша Молдахметованың арманы. Дәрігерлер бүлдіршінге «папилломатоз» диагнозын қойған, яғни таңдайы ісікке шалдыққан. Аянаға үш рет ота жасалса да жағдайы жақсармаған.
Ісіктің салдарынан артық қимылдап, ойнай да алмайды. Тіпті түнде көз ілмейтін болған. Соңғы кезде тамақ ішуі қиындай түскен. Ата-анасы Оңтүстік Корея елінде көмек көрсете алатын аурухана тапқан. Шақырту жіберген дәрігерлер 2 айдың ішінде ота жасалса баланы аман қалатынына кепілдік беруде. Бірақ қыруар қаржы сұраған.  15 миллион теңге. Көп балалы отбасы қолында барын сатқанның өзінде небәрі 1 млн жинауға шамасы жетіп отыр. Сондықтанда Аянаның анасы дүйім жұрттан көмек сұрауға мәжбүр.

«Мен оларға түсіндіріп берем, бұл түсіндіреді маған. Тақпақ айтып жүгіріп жүреді, содан өзінен өзі терлеп жатып қалады. Ұйықтағанда қорылдайды. Терлейді кейде тұншығады. Жылағанда қысылады» — Аянаның анасы Бақытғайша Молдахметова.

Белі бесіктен енді шыққанда, ауыр сырқатқа шалдыққан Аянаға қайсымыз болса да көмек көрсете аламыз. Экранда көрсетілген нөмір арқылы 8 775 830 68 88 Аянаның туысқандарына хабарласып есепшот нөмірін біле аласыздар. Қатты қиналған қаршадай қыз көмекке зәру. Сондықтан ескерусіз қалдырмауды сұраймыз.



Достарыңмен бөліс: