Универсиада ойындарының өтуіне орай 9 сауда орны уақытша жабылды
Универсиада ойындарының өтуіне орай 9 сауда орны уақытша жабылды
11.01.2017

Универсиада ойындарының өтуіне орай Алматыдағы 9 сауда орны мен базар уақытша жабылады. Ал, оқушылар қосымша 10 күндік демалысқа шығатын болды. Каникул қаңтардың 30-нан ақпанның 8-не дейін жалғасады. Қалалық білім басқармасының басшылығы кезектен тыс демалыс оқушылардың көктемгі каникулына әсер етпейтінін жеткізді. Ал оқу бағдарламасын балалар қосымша сабақтарға қатысу арқылы қуып жетпек. Жалпы Алматы қаласындағы 201 мектепте 220 мыңға жуық бала білім алады. Естеріңізге сала кетсек универсиада ойындары 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді.

«Оқу сабағы 9 ақпанда басталады. Оқушылардың көктемгі демалыстары өзгеріссіз қалады. Көктемгі демалыс уақыттары 21 наурыздан, 2 сәуірді қоса алғанда өзгеріссіз қалады. Қосымша демалыс уақыттарында Универсиада кезінде оқушылар өздерінің сыныптастарымен бірге, ата-аналарымен бірге, сынып жетекшілерімен бірге спорттық іс-ашараларды көріп қайтуға мүмкіндіктері болады. Бұл іс-тәжірибе әлемде енгізілген» — Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаева.

 



Достарыңмен бөліс: