Арна туралы


«Соңғы жылдары біз өз эфиріміздің ауқымын кеңейтіп, танымал бағдарламалар мен телехикаялар санын көбейттік.

Біз үнемі актуалды тенденциялар туралы хабардар болып, көрермендердің қызығушылықтарына бағытталған қайталанбас контент ұсынуға тырысамыз.
Қазақстанның Бірінші арнасы әркез биіктен көрініп келеді. Алайда, Сіздердің қолдауларыңыз болмаса, мұндай жетістіктерге жету мүмкін емес.
Осы орайда, арнамызға әрдайым адал көрермендерімізге алғыс айтамыз. Бірге – біз біріншіміз!       Қазақстанның Бірінші арнасының Бас директоры Сергей Кисилев

Бүгінде Қазақстанның Бірінші арнасын қазақстандық медианарықтағы ең танымал арна десек, артық айтпаған болар едік. «Бірінші» деңгейлі дәрежені тек рейтингтер ғана растап қоймайды. Арнамызда ұдайы түрде отандық телеарнада теңдесі жоқ жаңа жобалар іске қосылып отырады. Әрбір маусым сайын қазақстандық контент көлемі қарқынды түрде артып келеді. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың мамыр айынан көрсетіле бастаған қазақ тіліндегі ток-шоу «Все мы люди»- «Пендеміз ғой» жобасы көрермендеріміздің көңілін бірден баурап әкетті .Әрбір қазақстандықты толғандыратын актуалды тақырыптар, қызу талқылаулар, қарама-қайшы пікірлер, боямасыз эмоциялар — «Все мы люди» ток-шоуының ажырамас бөлігіне айналды.
Қайталанбас сюжеттерімен көрермен көңілін тапқан «Басты бағдарлама» және «Біле жүріңіз» жобаларын да ерекше атап айтуға болады. Олар тек орын алған оқиғалар туралы ақпарат беріп қана қоймай, себеп-салдарларын түбегейлі зерттеп, көрермен назарына сапалы материал ұсынады.

Осылайша, әр маусым сайын қазақстандық контент қарқынды түрде дамып келеді. Нәтижесінде, қазақстандық телекөрермендердің сұранысын қанағаттандыратын отандық ТВ-өнімдер телеарнаның жоғары рейтингісін қамтамасыз етуде. Әсіресе «Жди меня. Казахстан» бағдарламасы көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп, жүрекжарды кездесулерге куә болуға мүмкіндік сыйлауда.
Қазақстанның Бірінші арнасы 1997 жылдың қазан айында «ОРТ Казахстан» деген атпен өз іргесін қалады. Телевизиялық ресурстың 17 жыл бойғы көшбасшылығын телеаудиторияны өлшеудің түрлі тәсілдерін игерген бірнеше әлеуметтік қызмет мәліметтері растайды.

Телеарнаның бағдарламалық кестесінде заманауи телевизиядағы танымал жанрлар ұсынылған: көркемөнер, көңілашар бағдарламалары, гуманитарлық және жаңалықтар жанры.
Бүгінде Қазақстанның Бірінші арнасының рейтингісі ҚР аумағына тарайтын кез-келген эфирлік телеарналардың көрсеткіштерінен асып түседі. Арнаның бағдарламалау саясатында ағартушылық, зияткерлік, ойын-сауық жанрындағы мәдени бағдарламаларға басымдық беріледі.