Бір отбасы моншада тұрып жатыр

Алматыда үйі өртенген отбасы моншада тұрады. Әп-сәтте бар жиған-тергені күлге айналған ана төрт баласымен бірге жуынатын жерде бір аптадан бері түнеп жүр. Ал, қызыл жалын шарпыған баспана қайта қалпына келтіруге де жарамайды. Есеп бергенде елді қарық қылатын жергілікті билік төтеншеліктердің жауабын күтуден басқа қайран жоқ дейді. Оның үйсіз-күйсіз төрт балаға не қатысы бар екенін өздері түсіндірер. Ал далада қалған отбасын ең болмаса уақытша бір орталыққа да орналастыруға болмай ма деп біздің тілшіміз шырылдап жүр.

X