11:55 Тікелей эфир Многосерийный фильм «СОБЛАЗН»
14:00 Эфирде әрі қарай «НОВОСТИ»

«БЛЮЗ ДЛЯ СЕНТЯБРЯ»Сенбі, 26 қыркүйек 15:55

Наташа есімді сұлу әйелдің жеке өміріне уақыты жоқ, сол себепті де жалғыз. Ол кіндік қызын тәрбиелеуге көмектесіп, қаңғыбас иттерге арналған баспанада ерікті болып жұмыс жасайды.

Бір күні Наташа көлік қағып кеткен қаңғыбас итті құтқарып қалады. Осылайша, ветеринарлық емханада өзінің алғашқы махаббаты – сыныптасы Олегті кезіктіреді. Кезінде озат оқушы болып, консерваторияға түсуді армандап жүретін сыныптасын танымай қалады. Ветеринар болып кеткен Олег ішімдікке де үйір екен. Досының айтуынша, Олег мұндай күйге әйелі үйден қуып жібергеннен кейін түсіпті. Олег бүкіл тапқанын ұлына беріп, өзі емханада өмір сүреді екен.

Көп ұзамай, Олегті жұмысынан маскүнемдігі үшін шығарып жібереді. Наташа оны даладан тауып алып, үйін паналатады. Енді Наташаның үйін қаңғыбас ит қана емес, үйсіз сыныптасы да паналап жатыр. Қамқорлық танытқанды жақсы көретін Наташа өзін бақытты сезінуде, алайда оның анасы бұған қарсы.

Өзінің алыс туысы Дуся тәтеймен бірге анасы Наташаны маскүнем жігітінен қалай құтқарудың жолын ойластырады.

X