0:25 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. «ЖЕНЩИНЫ И ПРОЧИЕ НЕПРИЯТНОСТИ»
2:15 Эфирде әрі қарай «НОВОСТИ»

«КЛЮЧИ ОТ СЧАСТЬЯ» Жексенбі, 20 желтоқсан 21:00

Шалғай ауылда тұратын жас қыз Таня Мининаның басында көптеген ауыртпалықтар түсті. Ішімдікке салынған анасы мен ынжық әкесімен бірге ауылда тұратын қыз әрдайым осы шектеулі әлемнен қашып шыққысы келетін. Таня өзін мейірбан, дәулетті, қалалық жігіттің бақытты әйелі ретінде елестетіп, армандайтын. Сұлу қыз өз маңындағы жігіттердің кеудесінен итеріп, өзінің ханзадасын күтеді. Ойлағаны болып, сымбатты әрі қалталы бизнесмен Виктор пайда болады. Ол бақыттан басы айналған Таняға тіпті мектеп бітіруге мүмкіндік бермей, қалаға алып кетеді. Алайда ауылдың қызының қуанышы ұзаққа созылмай, алтын торға түскендей күй кешеді. Викторға аяқ-қолы балғадай, дені сау қыздан мұрагер ғана керек болып шығады. Таня ұлын дүниеге әкеле салысымен, күйеуі жаңа қалыңдығы барын айтып, ажырасуға арыз береді де, баланы күшпен тартып алады. Баласын қайтарып алмақшы болған қызды жалдамалы баскесерлер ұрып-соғады. Осылайша Таня бас сауғалап, Мәскеуден қашады. Жолда Таня жүк тасымалдаушы Федорды кезіктіреді. Ол қызды аяп, кезінде өзіне көмектескен кілт-тұмарды сыйлайды. Сол тұмардың көмегі болды ма екен, Таня қиындыөқтың барлығын еңсереді. Танымал әншіге айналған ол үйіне келіп, ұлы Коляны қайткенде де қайтарып алудан үміттенеді. Алайда ішімдікке салынып, бар дәулетінен айырылған бұрынғы күйеуі баланың баяғыда қашып кеткенін және балада шаруасы жоқ екенін айтады.

Таня өз ұлын тауып, отбасылық бақытқа кенеле ала ма? Ештеңеден үміті қалмаған оның қолында тек сиқырлы тұмары ғана бар.

X