10:15 Тікелей эфир «ЖИТЬ ЗДОРОВО»
11:05 Эфирде әрі қарай «ДАВАЙ ПОЖЕНИМСЯ!»

«КРАСАВИЦА»

Сейсенбі - Жұма

12:20

Анастасия Микульчина, Владимир Жеребцов пен Валерий Баринов режиссер Алексей Козловтың «Красавица» атты мелодрамалық сериалында. Телехикая Анна Королева туралы баяндайды. Ол – қаладағы қыздардың алды. Оның көңілін тапқысы келетін жігіттер де аз емес. Алайда Алла олардың ешбіріне көңіл аудармайды. Барлығы оның жылтыраған жүзіне қызығатынын түсінеді. Қыздың сұлулығы жергілікті бұзақы Жуковтың да назарына ілікті, алайда Анна оның бетін қайтарады. Бұған намыстанған Жуков баскесерлерді жалдап, қыздың сазайын беруді тапсырады. Бұл шабуылды кездейсоқ Алексей Савин көріп қалады. Ол Аннаны бұзақылардан қорғап қалады. Қыз болса Андрейге ғашық болады. Мұнысымен Жуковты одан әрі ызаландыра түседі. Көп ұзамай, Анна Андрейден аяғы ауыр екенін біледі. Мұны естіген Жуков Андрейден кек алмақ болып, оған өзін Аннаның көтеріп жүрген баласының әкесімін дейді. Андрей абдыраған күйі мән-жайды білмек болып, Аннадан сұрай бастайды. Азаматының күмәнданғанына ренжіген Анна ерегіскеннен баланың әкесі Жуков деп айтады. Телехикая кейіпкерлерінің тағдырлары қалай өрбігенін білу үшін «Красавица» телехикаясын көріп шығуды ұсынамыз.

Шығарылған жылы: 2012

Шығарушы ел: Ресей

Режиссер: Алексей Козлов

X