14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «БОЛЬШОЕ ЗЛО И МЕЛКИЕ ПАКОСТИ»
18:30 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

«МЕДСЕСТРА»

Дүйсенбі - Cейсенбі

00:30

Сәрсенбі - Бейсенбі

00:40

Бес жыл бұрын күеуі із-түссіз жоғалып кеткен Аннаға, жасөспірім қызын жалғыз тәрбиелеу оңайға соқпады. Қолына қарап отырған қарт анасына да ерекше күтім қажет еді. Қалалық ауырухананың аға медбикесі болып қызмет атқаратын ол үшін, жеке басына уақыт бөлу мүлде мүмкін емес жағдай еді. Ол өз қарамағындағы қызметкерлерді шебер басқарып, кәсіби біліктілігінің арқасында бөлімшенің жетекші мамандарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын еді. Күнделікті қызмет барысында Анна түрлі тағдырлы адамдармен кездесетін. Барлығын да тыңдап, кісі тағдырына жұмыс деп қарамай, жанашырлық сезімін жоғалтпай, қолдан келгенше көмектесуге тырысатын. Өз ағымымен өтіп жатқан өмірі ауруханаға кардиологиялық бөлімнің жаңа меңгерушісі Игорь Борисовичтің келуімен өзгере бастайды...

Шығарылған жылы: 2015

Шығарушы ел: Ресей

Режиссер: Михаил Журавкин

X