«ОДНАЖДЫ ПРЕСТУПИВ ЧЕРТУ»Сенбі, 5 қыркүйек 15:55

Людмила Колесникова қонақүйде қызметші болып жұмыс жасайды. Ажырасқанына көп болған ол ұлы Павелдің қамын ойлайды. Павел спортпен айналысады, сабақты жақсы оқиды, медицина саласына оқуға түспекші. Бай болмаса да, шағын әрі тату отбасының шырқын бір жайт бұзады.

Бірде анасы мен ұлына электричкада бұзақылар шабулы жасап, асқан қатігездікпен ұрып-соғады. Ауруханада есін жиған Людмила ұлының комада жатқанын біледі. Тергеумен мықты мәскеулік тергеуші Олег Ершов айналысады. Алайда қайғыдан қан жұтқан анасына полиция дұрыс жұмыс жасап жатпағандай көрінеді. Людмила бұзақыларды ұстауға өзі шығады. Ал жинаған ақшасына тапанша сатып алады…

X