«РОДНОЕ СЕРДЦЕ» Сенбі 29 ақпан, 09:00

Махаббат, адалдық пен достық жетімдер үйінде өскен балаларға әділдікке жетіп, жетім-жесірлердің есебінен қалтасын қампайтқан ықпалды шенеунікті жеңуге мүмкіндік береді.

Дашаның қатал жетімдер үйіне үйренісіп, сіңісуіне көп жылдар кетті. Алайда ол онда тіл табысып, нағыз достар тапты.

Бірнеше жыл өтеді. Бітіру кешіне аз қалды. Даша болса бақытты – бала кезден бергі досы Гоша Вишневский оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, көп ұзамай ол Мәскеуге кетеді. Алайда барлығы Даша ойлағандай болмайды. Гоша зергерлік дүкенді тонағаны үшін түрмеге қамалады. Даша оқуға аттанады, онымен байланысуға тырысады. Алайда бұрынғы жігіті онымен тілдесуден бас тартады.

Оқуын бітірген Даша Полякова туған қаласына оралады және пәтерінің сатылып кеткенін біледі. Гошамен және балалар үйінде бірге өскен достарымен бірге Даша мәселені өз бетімен анықтауға кіріседі. Көп ұзамай, ол өзі сияқты бірнеше адамның пәтері ұрланғанын анықтайды.

X