2:30 Тікелей эфир «ЖАҢАЛЫҚТАР»
2:40 Эфирде әрі қарай «KÖREMIZ» бағдарламасы

САЙЛАУ — 2019

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Евразия+ОРТ» ЖШС-ның 2019 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасы   Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға  «Еуразия бірінші арнасы» телевизиялық арнасынан эфирлік уақыт беруінің жалпы талаптары

       «Евразия+ОРТ» ЖШС «Еуразия бірінші арнасы» телевизиялық арнасының меншік иесі  (бұдан әрі – Телеарна),  1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасы   Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 09 сәуірдегі №18  Жарлығымен тағайындалған 2019 жылғы 09 маусымдағы кезектен тыс сайлауға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға (бұдан әрі – Кандидат) сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) жариялау үшін Телеарнаның эфирлік уақыты төлемінің мөлшері, беру талаптары мен тәртібі туралы хабарлайды.

Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап басталады және сайлаудың алдындағы күні нөл сағатта аяқталады, осылайша  эфирде үгіт материалдарын орналастыру 2019 жылғы 11 мамырдағы  18.00 сағаттан бастап 2019 жылғы 8 маусымда 00.00 сағатқа дейін жүзеге асырылады.

Теларна эфирлік уақытты Телеарнаның меншік иесі мен Кандидаттың не Кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалынған жазбаша шарт негізінде және Телеарна бекіткен монтаж парақтарына сәйкес береді. Бұл жағдайда монтаж парақтары жазбаша өтініш берілген сәттегі  Телеарнада бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес,  яғни  Телеарна эфирлік уақытының болжанған уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына орай күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.

Телеарнада эфир уақытын беру қазақ және орыс тілдерінде хронометражы 60 (алпыс) секундқа жуық бейнероликтер түрінде үгіт материалдарын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Эфир уақытын беру туралы шарт жасауға негіздеме Телеарнаның меншік иесі басшысының атына Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтініші болып табылады.

Эфирдегі үгіт материалдарының саны, хронометражы, болжанған күні мен жарияланатын уақыты Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, олар кейін шартта бекітіледі.

Өтініш кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру және өтініштің келіп түскен күні арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) Кандидаттың тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидат өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш беруші тұлғаның жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;

4) шарт жасау үшін тұлғаның уәкілеттігін растайтын құжаттар.

Телеарна эфирінде Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен немесе, егер өтініштер біруақытта түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен талаптарын Телеарна айқындайды.

Егер жазбаша өтініш түскен сәтте сұралған уақыт бұрын өтініш жасаған басқа Кандидатқа берілген жағдайда не техникалық себептер бойынша беріліуі мүмкін болмаса, Телеарна Кандидатқа Телеарнаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып,  үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.

Үгіт материалдары Телеарнаға эфирге шығудың болжанған  уақытына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын HD/SD форматында материалдық тасымалдағыштармен: қатты дискіде (HDD) не  USB 2.0, USB 3.0 флеш картада мынадай техникалық талаптармен ұсынылады: HDD үшін файлдық жүйе  немесе флеш-карталар: NTFS

·   HD форматындағы жарнама роликтері үшін

container: MXF, MOV

codec: XDCAM HD 50 Мбит/сек не ProRes422

profile 4:2:2

frame rate: 25

frame size: 1920 x 1080

aspect  ratio: 16:9

interlacing: upper

 

· SD форматындағы жарнама роликтері үшін

container:, MXF, MOV

codec: Microsoft DV, IMX50

profile 4:2:0 немесе 4:2:2

frame rate: 25

frame size: 720 x 576

aspect ratio: 16:9

interlacing: DV lower үшін,  IMX50 upper үшін

 

 · Audio:

audio: Stereo

bits: 24

sample rate: 48000

codec: uncompressed

Audio level: -18 dBFS

Dynamic Range: 20 dB

 

Үгіт материалдары олардың төлемі, қаржыландыру көздері, ақпаратты берген тұлғаның тегі туралы дыбыстық немесе көрнекі ақпаратты қамтуы тиіс.

Үгіт материалдарын тапсырған Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласының талаптарына сай болуына жеке жауапкершілік көтереді.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген талаптар мен тәртіптер бұзылған, сондай-ақ  тиісті шарт талаптары бұзылған жағдайларда эфирге үгіт материалдарының хабары жіберілмейді не бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Телеарнаның меншік иесі, егер  үгіт материалдарында республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылдықты, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскери құрылымдарды құру идеясы насихатталса, оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.

Телеарнаның меншік иесі егер үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы Президенттігіне басқа  кандидаттардың ар-намысына, қадыр-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруге қабілетті ақпарат болған жағдайда оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы. Кандидат Телеарнаның меншік иесінің талабы бойынша бейнематериалдардағы жоғарыда аталған сипаттағы  ақпараттың бар екенін растайтын құжаттарды тапсыруға міндетті.

Осы ақпараттық хабарламада көретілген эфир уақытын беру талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Үгіт материалдарын орналастыру құны 1 (бір) минут үшін қосымша құн салығын ескере отырып,  415 000,00 (Төрт жүз он бес мың) теңге  00 тиынды құрайды.

Орналастыру құнына хабар таратудың барлық қолжетімді орталарында (эфирлік аналогтық, эфирлік цифрлық, спутниктік, сондай-ақ кабельдік операторлар және Интернет желісінде онлайн хабар тарату арқылы) телеарнаны трансляциялау мен ретрансляциялау кіреді.

Телеарнада үгіт материалдарын орналастыру үшін жасалған шарт бойынша төлем  Телеарнаның меншік иесі төлемге берген шот негізінде шот берілген күннен бастап   5 (бес)  жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жазбаша өтініштерді Телеарнаның меншік иесі демалыс және мереке күндерін қоспағанда,  2019 жылғы 06 мамыр мен 2019 жылғы 03 маусым аралығында 10 сағат 00 минуттан бастап 18 сағат 00 минутқа дейін Алматы қаласы, Республика Алаңы 13, 424 кабинет мекенжайы бойынша қабылдайды.

Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланысы арқылы қабылданбайды.

«Евразия+ОРТ»

ЖШС  Бас директоры  

Киселев С.В.

Ақпараттық хабарламаны жүктеп алу

 

X