14:30 Тікелей эфир «QOSLIKE» бағдарламасы
18:30 Эфирде әрі қарай «БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР»

Түлектерге екінші мүмкіндік қашан беріледі?

Ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыру мәселесі шұғыл шешілуі керек. Мәжілісте депутаттар Білім және ғылым министрлігіне осындай сауал тастады. Түлектерге екінші мүмкіндік берілгенімен, тестілеудің нақты мерзімі ресми хабарланған жоқ. Тек ауызша түрде тамыздың соңына белгіленген. Осыған алаңдаулы ата-аналар мәжілісмендерге хат жолдапты. Сонымен қатар, депутат Серік Ерубаев түлектердің тест нәтижесіне қашықтан оқыту кезіндегі стрестік жағдайлардың ықпал еткенін де атап өтті.

X