14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «БОЛЬШОЕ ЗЛО И МЕЛКИЕ ПАКОСТИ»
18:30 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Текеліде көпқабатты үйдің сыртқы сылағы сылынып түсті

Текеліде қатты желдің күшіне шыдамаған көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы сылағы сылынып түсті. Әйтеуір, ешкім зардап шекпеген. Осылайша, бірер жыл бұрын жасалған жөндеу жұмыстарының сапасы қайта сыр беріп жатқан көрінеді. Өйткені, 2009-жылы қолданысқа берілген баспананың сыртқы қасбеті 2018 жылы ғана ретке келтірілген екен. Оған бюджеттен 3,7 млн теңге қаржы жұмсалыпты. Тұрғындар да үйіміздің сырты осыған дейінгідей сұрықсыз болып, қанша тұрар екен деп алаңдаулы.

X