18:30 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
19:00 Эфирде әрі қарай Фильм «БАРС И ЛЯЛЬКА»

«ВТОРАЯ ЖИЗНЬ»

Сенбі

14:30

Юля мен оның аяғы ауыр әпкесі Катя инкассатор көлігінің тоналып жатқан сәтіне кездейсоқ куә болады. Тонау барысында ұрылар көліктегі барлық адамды қырып салады. Кенет шет жақтан бақылап тұрған екеуді байқап, оларға оқ жаудыра бастайды. Атыс кезінде Катяға оқ тиіп ол ауыруханада жан тапсырады. Дәрігерлердің көмегімен жатырдағы бала аман қалады. Әпкесінің туа сала жетім атанған қызын Юля асырап алады. Дәл осы сәтте «Боксер» деген лақап атпен танылған ұрылардың бір мүшесі жол апатына кінәлі болып ұсталады. Бұл аварияда Төтенше Жағдайлар Министірлігінің капитаны Андрейдің әйелі мен қызы қаза табады. Бір сәтте отбасынан айырылған Андрей есінен адасып, жұмыс, тұрмыс бәрін тастап, басы ауған жаққа кетіп қалады. Арада бір жыл уақыт өткенде ұрыны тану мақсатында Юля куәгер ретінде сотқа шақырылады. Ал ұрылар тобы оны сотқа жеткізбеу мақсатында өлтіруді көздейді. Осы кезде ол Андреймен танысады. Осы сәттен бастап Андрей Юляға көмектесе бастайды.

Шығарылған жылы: 2015

Шығарушы ел: Ресей

Режиссер: Андрей Силкин

X