Ер-азаматтар боянып, бет күтімін жасап, арнайы салондарға жиі барып тұруы керек. Олардың әйелдерден қай жері кем.
Бұл туралы «Еуразия бірінші» арнасынан шығатын «Әйел сыры» бағдарламасында айтылды.
Бет-аузын бояп, мake up жасап алған Әділ есімді жігіт көпшіліктің өзі туралы теріс пікіріне қарсы. Ол кез келген адам өзі қалағандай өмір сүруі керек деген ұстанымда. Ал студиядағы екінші қонақ болса, Әділге бұл әрекетінің дұрыс емес екенін түсіндіруге тырысты.
«Ер азаматтарға сұлу болу міндетті емес. Жігіт маймылдан сәл әдемі болса болды.
Ернін бояп жүргендер еркек емес», – дейді ол.
Ал Айдын болса, бұның еш сөкеттігі жоқ екенін айтады.
«Жігіттерге боянуға болмайды дегенді қайдан шығардыңыз?», – деп ол қарсы тараптағы азаматтың өзіне сұрақ тастайды.
«Сізге түсіндіру қиын шығар. Өйткені, шариғатта ер адамның боянғаны лағнет айтқаны. Артыңнан еріп келе жатқан інілерің бар. Саған қарап олар да бояна бастаса не болады? Ертеңгі күні балаң болады. Оларға не деп айтасың?», – деген жігітке
Источник: kaz.365info.kz
23 ақпан 2018 жыл