Мазмұнға өту
· 26 қаралым

ЖИ көмегімен фильм түсірілді

Түркістанда жасанды интеллект көмегімен мультфильм түсірілді. Жергілікті телеарна осындай бір ғажап дүние әзірлеп, жас көрерменге заманауи форматта ұсынды. Бұл фильмнің өзегі – туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, тарихи-мәдени мұраға құрметпен қарау. «Түркістан сақшылары» киносының премьерасына келген жұрттың қарасы қалың. Олар туындының ұлттың руханиятына қосар үлесі зор дейді. Ал тәрбиелік мәні зор бұл жоба Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асып отыр.

← Барлық жаңалықтар