Мазмұнға өту
· 23 қаралым

Бұғатталған картаны ашуға болады

Елімізде тыйым салынған шоттарды бұғаттан шығаруға болады. Әділет министрлігінің мәліметінше, 6-30 сәуір аралығында белгілі бір төлем түрлерін алуға арналған шоттарды бұғаттан шешетін науқан іске қосылған. Бұл науқан жалақы, алимент, зейнетақы және жәрдемақы түсетін шоттарға қатысты болмақ. Яғни, жалақы немесе зейнетақысы түсетін картасы бұғатта жатқан азаматтар осы науқан аясында бұғатты шеше алады.

← Барлық жаңалықтар