Ішкі істер министрлігі айналасын ластайтындарды аяп жатқан жоқ. Еліміз бойынша 4 мыңнан астам күл-қоқыс үйіндісін анықтап, көбінің көзін құртты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында пагондылар көрінген жерге күлін шашып, жуынды-шайындысын төккендердің сазайын беріп келеді. Яғни, 722 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтапты.