Елімізде инфаркт пен инсульттен болатын өлім-жітім азайған. Денсаулық сақтау министрлігі осылай деп отыр. Ведомство мәліметінше, мұның бәрі кардиологиялық қызметтің едәуір жақсарғанының белгісі. Әрі заманауи технология көмегімен жүрекке жасалатын операциялар саны да артқан. Соның арқасында инфарктен көз жұматындар саны 3,2 пайызға, ал инсульттің көрсеткіші 25 пайызға төмендеген.