Гонконг халықаралық әуежайына жануардың әлемдегі ең үлкен мүсіні қойылды. Хайуанат ұйқы құшағында жатқандай көрінгенімен, дыбыс шығарып, қозғалады. Оны жасаушылар осылай туристерді қызықтыруды жөн көріпті. Инсталляция әуежайда 2 мамырға дейін тұрады. Сондықтан саяхатшылардың оның жанында естелікке суретке түсіп алуына мүмкіндік бар.