Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Ер адам балалар алаңында жасөспірімді жұлқып құлатты

БАЛАНЫ ҰРҒАН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

Қарағандыда енгезердей ер адам ойын баласын жұлқып құлатты. Қазір әлеуметттік желіге тараған видео қызу талқыланып жатыр. Тұрғын үйлердің бірінің ауласында ұлдар арасында жанжал шыққан. Бейнежазбада әйелдің бүлдіршінге ұрысып жатқанын, ал сол сәтте ер адамның баланы мойнынан ұстап, жерге лақтырып жібергені көрінеді. Соның салдарынан ұл құлап, тұншыға бастаған. Тәртіп сақшылары күдіктінің кім екенін бірден анықтап, ұстады. Қазір аталған дерек бойынша жан — жақты тексеру жұмыстары басталды.

БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ — ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

«Қазіргі уақытта жанжалдың туындау себептері мен оған ықпал еткен жағдайларды анықтауға бағытталған кешенді тексеру жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша әрбір қатысушының әрекетіне қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық баға берілетін болады».

← Барлық жаңалықтар