Мазмұнға өту
· 13 қаралым

10 жасар бала әлі табылмады

БАЛА ТАБЫЛМАДЫ

Ақтөбеде өзен жағасына барып, ұшты-күйлі жоғалған 10 жастағы Мансұрдың денесін әлі таппады. Жанында болған балалар оны суға кеткенін айтқан. Содан бері іздестіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін Мансұрдың жақындары мәлімдеме жасады. Тақырыпты Ақбаян Сұлтанмұратова жалғастырады.

Ақбаян Сұлтанмұратова — ТІЛШІ:

Мансұрдың туыстары Електің жағасына күнде келеді. Суға кетті деген суық хабарды естігелі жарты ай өткенімен, баланың денесі әлі табылмады. Бастапқыда іздеу жұмыстары қарқынды болып еді, міне, бір аптадан бері бәрі саябырлап қалды деп алаңдап отыр. Шарасыздықтан әкім-қараларға хабарласып өтініш айтыпты. Баланың денесін тапқанша, Елекке келіп құятын ағынды суларға тоқсауыл қоюын сұраған.

ДАМИРА МЕҢДІҒАЛИЕВА — ЖОҒАЛҒАН БАЛАНЫҢ ЖЕҢГЕСІ:

«Жаңа жолдасым акиматқа жаңа ғана міне звондап айтты да, біздер мына судың лайлылығын тоқтатсыншы , может іздестіру шараларына, мына кісілерге жеңілдеу болсыншы деп барып едік, онымен акимат қарсы. Бұл процесті оның алдында да іздестіру жүргізіп жатқан адамдар да сұраған. Жан-жақты тексерсінші дейміз. Судың жағасын, бәлкім, бала судың ағысынан шығып кетіп, жағалауда, бір жерде жатқан шығар. Пеший , жаяу жүргіншілерді алып тастады. Соларды қосқанын қалаймыз».

Төтенше жағдайлар департаменті Мансұрды іздестіру жұмыстары еш тоқтамағанын айтты. Бастапқыда 300-ге тарта адам жұмылса, қазір 110 адам тартылған. Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, белсенді іздеу үш күнге созылады деп түсіндірді. Лай су іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп тұрғанын олар да растады.

АСЛАН АРЗЫМБЕТОВ — ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

«Сүңгуірлердің, құтқарушы қайықтардың саны басындағымен бірге келе жатыр. Өрт сөндірушілердің саны,жаңағы жағадан қарау дедік ғой, олардың санын шамалы азайттық+ Қиындатып отырғаны – ағыстың басылмай тұруы, қаттылығы және судың лайлылығы. Ол сүңгуірлерге көру мүмкіндігін мүлде төмендетіп тұр. Сүңгуір тек өзінің көз алдындағы 10 см жерді көреді».

Қазір мамандар бала суға кетті деген Сарыжар ауылынан Қаратойғай ауылына дейінгі аралықты қайта-қайта тексеріп жүр. Ал Елек өзені Мәртөк ауданын жағалай Ресей Федерациясының шекарасына дейін ағып жатыр.:

ДАМИРА МЕҢДІҒАЛИЕВА — ЖОҒАЛҒАН БАЛАНЫҢ ЖЕҢГЕСІ:

«Айдан анық зат ғой енді… суда жатқан бала — ол бұзылады. Бізге соңғы рет…мамасы түрін көретін жағдайда тауып берсінші деп біз тілейміз».

Сүңгуірлер су түбін қараса, өрт сөндірушілер мен әскери бөлім қызметкерлеріне жағадан бақылау жүктеліпті. Електің жағасында 11 жүзу құралы мен 20 сүңгуір кезекшілік етеді.

← Барлық жаңалықтар