Мазмұнға өту
· 37 қаралым

Тамақ жеймін деп, таяқ жей жаздады

АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ ЖОЛАУШЫҒА ТАП БЕРДІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Тамақ жеймін деп, таяқ жей жаздады. Теміртауда автобус жүргізушісі салонда ауқаттанбақ болған жолаушыға тап берді. Келеңсіз жағдайдың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тараған. «Бұл жер саған асхана емес» деген азамат жолаушыны балағаттап, кейін оны күштеп шығарып жібермек болған көрінеді.

Оқиғаға қатысты аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

«20 жастағы жолаушы өзінен кейін отырған орнын жинап, автобустан өзі шығып кеткен. Сондай-ақ сөз таластырған жүргізушінің қоғамдық тәртіп нормаларын бұзатын сөздер айтқаны белгілі болды. Полицейлер ер адамның жеке басын анықтады. Ол осы өңірдің 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты қоғамдық орында бейәдеп сөздер қолданғаны үшін ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданды»

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар