Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Салқын су сыздықтап, ыстық су мүлде ақпайды

ТАРАЗДЫҚТАР ЖАБЫРҚАП ОТЫР

Салқын су сыздықтап, ыстық су мүлде ақпайды. Тіршілік нәрі тамбаған соң «аристон» мен отырады. Таразда өркениеттен жұрдай қалдық деген бұқара арнамызға жан айқайын жеткізді. Сөздерінше шатырдан 4 жылдан бері су сорғалайды. Саладарынан қабырға көгеріп, сызаттар пайда бола бастапты. Жер төлесі сасық, жылуы мардымыз үйді арна тілшісі Дәурен Доғдырбай да көріп келді.

«Осы бөлме де, жауынның астында жатамыз. Ана бөлмеге барсам да қаша алаймын. Мына бөлмеге барсам да қаша алмаймын. Барлық жер су, көгерген. Балаларым жиі ауырады, жөтеледі ешқашан жазылмаймыз».

Жауынмен қоса жылаймыз деген жұрттың ауа-райы құбылған күні түн ұйқылары төрт бөлінеді. Қолдарына қос-қостан шелек ұстап, төбеден су сорғалаған жерге жүгіреді. Үлгермесе төмендегі баспаналарды да бүлдіреді. Әсіресе, бұл жоғарғы қабаттағы қарашаны бас уайымы. Қазір шатырдың тесіктігінен қабағалары көгеріп, сылақтары сыпырылып, көп жерде сызаттар пайда болған.:

ТОЛҚЫН ЕСЕЙЕВА — ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Жаңбыр жауса ел қуанса, біз жылаймыз жаңбырмен бірге. Өйткені мына жерде трагедия. Құдайдан тілеп отырамыз тоқ атылып кетпесе екен, тоқ атылып кетпесе екен деп. Этаж үйде тұрып жатыр деген атымыз болмаса, бізде су жоқ. Су деген сылдырлап ағады. Жылу жүйесіде жетісіп тұрған жоқ өлімсіреп тұрады».

Жертөледегі құбырлар да тозып, тот басып кеткен. Бұқараның айтуынша, кейбірі шіріп, сондағы мүңкіген иіс бірінші қабатты да алып кеткен. Ал тіршілік нәрін, 200-ге жуық тұрғын кезек-кезек пайдаланбасақ, жетпей қалады деп жыларман.

ГУЗАЛЬ САРЫМСАҚОВА — ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Біз тіпті су да іше алмаймыз. Шомылған былай тұрсын, тіршілік нәрі тұрғындарға мүлде жетпейді. Басты мәселміздің бірі де — осы су. Құбырлар бірінен соң бірі шіріп жатыр».

Әбден әбігерге түскен әлеумет осы мәселемен әкімдікке бірнеше рет жүгініпті. Бірақ билік қажетті құжаттарды қабылдамай, арлы-бері сандалтқан көрінеді. Сондықтан болар, жұрт атқамінерлерге сенуден қалған. Оған себеп, еш пайдасы жоқ жиналыстар мен құрғақ уәде.

МЕРУЕРТ САМЕТОВА — ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Жылда әйтеуір ремонт болады дейді. Біз құжат жинап осымен айналысып жатқанымызға 3 жылдай болды. Әкімдікке барған болатынбыз, әкім шаралар қолданымыз деді. Солай жылда қалып кетіп жатыр».

ТОЛҚЫН ЕСЕЙЕВА — ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Біз айтуындай айтып жатырмыз. Сан бар, сапа жоқ. Келеді, жиналыс жасайды. Түкке тұрмайтын жиналыстары болады. Кетеді. Ешқандай результат жоқ бұл жерде».

Ал, жергілікті билік тұрғындардан тиісті құжаттар әлі күнге дейін түспегенін айтады. Сол себепті тұрғын үйді тізімге қоспапты. Әкімдік өткен жылы 73 үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін министрлікке ұсыныс жіберген. Қаржылық қолдау таппаған соң, ірі жоба биылға қалған. Сондықтан атқамінерлер аталған ғимарат тұрмақ, тізімдегі көпқабатты үйлердің жаңаруы да екіталай деп отыр.

НҰРЖАН БӘКІРБАЕВ — ҚАЛА ӘКІМДІГІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

«2018 жылы біздің мамандар шығып сол үйге шығып тұрғындармен жиналыс өткізген. Бірақ ол кезде көпшілігі келіскен жоқ ол кезде. Сол үшін Макарова 20Б көшесіндегі үй тізімге енген жоқ».

Қала билігінің мәліметінше бүгінгі күнге дейін жалпы саны 600-ге жуық үй модернизациядан өткен. Оған қазынадан 23 млрд теңгеден астам қаржы қаралыпты. Алайда шаһарда әлі де 538 үй күрделі жөндеуді қажет етеді.

← Барлық жаңалықтар