Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарын ширату керек

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарын ширату керек! Үкімет басшысы Олжас Бектенов жоспарлы жұмыстардың қарқынын сынға алып, құрылысты жеделдетуді бұйырды. Президент Жолдауында көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде тапсырма берген еді. Оны жүзеге асыру бойынша кеңес өткізген Премьер-министр қол астындағыларға бірқатар ескерту жасады. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен автокөлік өткізу пункттерін жаңарту шаралары тым баяу. Екі бекеттің жұмыс аяқталғанымен тағы 37 нысан реконструкциялау сатысында тұр. Оларды 2027 жылға қарай аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысына да ерекше назар аударылды. Бектеновтің айтуынша, техника мен жұмыс күшінің тапшылығы жобаның тежелуіне себеп болып отыр. Жауапты ведомстволарға шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар