ҚАЗАҚСТАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ДАЙЫН
Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымымен ынтымақтастықты нығайтуға әзір. Ақордада бірлестіктің Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдаған Мемлекет басшысы осылай деді. Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты мәселелер талқыланды. Мәртебелі мейман осы лауазымдағы жоспарын таныстырса, Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысын жеткізді. Айта кетейік, Таалатбек Масадыков биыл құрылымды 3 жыл басқарған Иманғали Тасмағамбетовты алмастырған болатын.
Бердібек Қарынбай