Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Сұмдық жол апатынан 4 адам қаза тапты

ҚАРА ЖОЛДА ҚИЫЛҒАН ТАҒДЫРЛАР

Сұмдық жол апатынан 4 адам қаза тапты. Қостанай облысында трассада қос көлік бетпе-бет соқтығысты. Жүйткіп келе жатқан мерседес бенс қарсы бағытқа шығып кетіп, «ваз» көлігін ішіндегі жолаушыларымен бірге мыжып өткен. Жантүршігерлік апат Әулиекөл ауданының маңында болды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның жай жапсары анықталып жатыр.

ӘЛІШЕК КҮШЕКБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АНЫҚТАУШЫСЫ:

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. ПД жүргізушілерді жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға және жолда барыншы мұқият болуға шақырады»

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ:

Ал Өскеменде машина ұрлығының соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. 35 жастағы ер адам біреудің көлігін айдап қашып, жолда өзге бір темір тұлпармен соқтығысқан. Салдарынан екі тізгінші де сол бойда тіл тартпай кетіпті. Ал салонда болған жолаушы ауыр жарақат алып, қазір аурухунада жатыр. Әзірге істің мән жайы белгісіз, полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар