Астана
Драйвқа құмар азамат жыл басында көлігімен сағатына 216 шақырыммен жүйткіп, айналасын қыра жаздапты. Бір қызығы тұрғын салынған айыппұлдарды төлеп, осы уақытқа дейін бостандықта емін-еркін жүрген.
Күні кеше Елордада ескертуді пысқырмайтын жүргізуші ұсталды. 27 жастағы азамат жыл басынан бері 61 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 59-ы жылдамдықты асыру бойынша екен.