Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Ақтөбеде студенттер жаппай көшеге шықты

СТУДЕНТТЕР БЕЛСЕНДІЛІК КӨРСЕТТІ

Ақтөбеде студенттер жаппай көшеге шықты. Бір топ жас қаланың тазалығына ат салысуға бел буыпты. «ReStart» жобасы аясында шаһарда ауқымды іс шара ұйымдастырылған. Сенбіліктің себепкерлері тек қоқысты жинатып қана қоймай эколгиялық мәдениетті қалыптастыруды жастардың санасына сіңіріпті. Қарапайым пластикті дұрыс сұрыптау жолдары мен жиі кездесетін қателіктерді жіпке тізіп көрсеткен. Сондай-ақ іс-шара барысында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды. Айта кетейік, бұған дейін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қызылорда, Шымкент және Алматы қалаларынан 2200 келіден астам пластик жиналып, қайта өңдеуге жіберілді. Игі бастама тағы 6 қалада жалғаспақ.

← Барлық жаңалықтар