ҚАЗАҚСТАНДА ҚАР ЖАУУЫ МҮМКІН
Қазақстанда күн райы күрт суытып, көктемнің бел ортасында қар жаууы мүмкін «Қазгидромет» мамандары алдағы үш күнге, яғни сәуірдің 14-і мен 16-ы аралығына арналған болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде күн бұлтты, жауын-шашын күтіледі. Солтүстік аймақтарда термометр бағаны нөлден төмен түсіп, соңы қарға ұласуы ықтимал. Батыс өңірлерде нөсер жауын, бұршақ және екпінді жел соқса, солтүстік пен орталықта жауын-шашын түсіп, сынап бағаны -8 градус суықтықты көрсетеді. Оңтүстікте қатты жел тұрса, шығыста қалың тұман орнап, қар жауады деп болжануда. Метеорологтар сапарға шыққан жолаушыларды аса қырағы болуға шақырды.
Бердібек Қарынбай