2:40 Прямой эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:45 Далее в эфире «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Сәкен Майғазиевтің анасы жастарды азғыратын «Қалаулымды» жауып тастауға шақырды

Источник: kaz.nur.kz

Сәкен Майғазиевтің анасы жастарды азғыратын «Қалаулым» ток — шоуының жастарға берер тәрбиелік мәні жоқ екенін айтып, ұлы арқылы Аша Матайға сәлемдеме жеткізген. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды.

— Мамкаба-а-ай, ассалаумағалейкуууум!

— Уағалейкумәссәләм,

Қолыңды алам,

Сүйдім балам…

— Аман-есен асыл отанымыз, әсем Алматыма жеттім. Денсаулығыңыз қалай?

— Әу, Әләу? Әй, ана «Қалаулымды» жәй қойшы…

— Мә-ә-ә, мама, өткенде ғана «Сәкентай-ау, ана Аша қарындасыңмен күнде бірге жүрсің ғой, менің сәлемімді айтшы. Әнебіреу «Қалаулым» деген бағдарлама не сұмдық?! Ауыздарынан ақ ит кіріп көк ит шығып жатқандардың ата-әжесі, әке-шешесі, жақын-жұрағаты ұят болады деп айтпай ма? Жастарға не өнеге бермекші?!», деп маған ұрсып а(лы)п, өзіңі-і-із көруден жіберіп отырғаныңыз қалай?

— … Ей, анау, әлгі… Сонымен, айттың ба Ашаға?

— Иә, мама, олар өздері де үнемі қоңырау шалып, қатысуымды өтінеді. Бас тартып жүрмін. Бота (Аша) бағдарламаның жүргізушісі, әлгі боқтап сөйлейтіндер (туған-туыстары ұрыспайтындар) актерлер. Халықтың назарын аудару мақсатында жасалған аталмыш арнаның айласы екенін айтып ем ғой. Сіздің сөзіңізді жерге тастамайын деп, «Қалаулым» ұжымына xабарласқам…

— Ым?

— «Мақсатымызға» жеттік, көрермен жинадық, енді жастарды жақсылыққа жұмылдыратын боламыз деп жұбатты, мама. Шақырса бара берейін бе?

— Өзің біл, балам.

— Негізі, барлық бағдарламаға сіз көрсін деп барам ғой, анашым. Ел боламын десең экраныңды түзе!»,- деп жазған анасы екеуінің арасындағы диалогты қаз -қалпында берген әнші.

Сәкен Майғазиевтің жазбасын оқыған желі қолданушылары әншінің анасының айтқанына қосылатындарын, «Қалаулымның» тәрбиелік мәні жоқ екенін жазды.

X