Жақында «Еуразия» Бірінші арнасында 8 сериялы детектив «Аллигатор» премьерасы болады!
Бұл — Ресей (Бірінші арна) мен Қазақстанның («Еуразия» Бірінші арнасы) бірлескен өндірісіндегі алғашқы тарихи телехикая. Картина мұрағаттар, естеліктер мен құпия құжаттар негізінде қайта жасалған нақты оқиғаларға негізделген.
Оқиғалар 1943 жылдың тамызында өрбиді. Тылдағы Алма-Атада қызу жұмыс қайнайды: бұрын эвакуацияланған зауыттар қару-жарақ шығарады. Бірақ қаланың қараңғы тұйықтарында бандалар, диверсанттар мен Үшінші рейх агенттері әрекет етеді.
Серияның кейіпкерлері бандитизммен күреске шығады. Мәскеуден қазақстандық әріптестеріне көмекке барлаушы мен капитан жіберіледі. Оларға диверсиялар сериясын болдырмау және неміс тыңшысын табу үшін ұйқысыз түндер өткізу керек.