Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабаққа талас шиеленісе түсті. Қос тарап кешеден бері аймақтарға кезек-кезек оқ жаудырып жатыр. Екі ел басшысы да бір-бірін кінәлап, жүздеген адам опат болғанын хабарлап үлгерді. Ресейлік басылымдар Әзірбайжан жағы 200 әскерінен айырылды деген ақпарат таратты. Ал, ресми Баку Арменияның 550 сарбазы опат болды деп хабар берді. Бірақ, бұл долбарларға дәлел болатын әлі бірде-бір бейнежазбалар таратылған жоқ. Қос елдің қақтығысынан біздің елге тиетін салқыны қандай? Мамандар не дейді?
Әзірбайжан мен Армения бір-біріне оқ жаудыруда
Дата: 28.09.2020