Мазмұнға өту
· 395 қаралым

БОКС және ДИКИЙ АРМАН

Жарыста жеңілген жігіттерді Дикий Арман (Арман Жұмагелдиев) жарылқады. Белградта өтіп жатқан былғары қолғап бәсекесінде жолы болмаған боксшыларымызға қылмыс әлемінің серкесі қомақты ақша таратты. Ду еткізген бұл жайтқа қатысты жұрттың пікірі қақ жарылды. Біреулер «Дикий Арман жанына жұмыр жұдырықты жігіттерді қайта жинап жатыр» десе, басқалары «ол спортқа ауыз салғалы жүр» деп топшылауда. Осы сөздер құлағына жетті ме, қайдам, жомарттық танытқан Арманның өзі мәлімдеме жасады. Видео үндеуде ол қасына Бақтияр Артаевты отырғызып алып, қазақтарды қолдайтынын айтады. Бұдан кейінгісін Дикий Арманның жерлесі әрі тілшіміз Қайыркен Отыншы баяндайды.

← Барлық жаңалықтар