Елімізде жайлы орын мен жылы бөлмеге зәру 62 мың студент бар. Сондықтан енді тұрғын үйлерді жатақханаға айналдыру шарасы қолға алынбақ. Жатар орын таппай, жалдамалы пәтер іздеп сандалған студенттер үшін бұл — жағымды жаңалық. Білім министрлігінің өкілдері елордалық студенттердің тұрғын үйге қатысты мәселесін шешу үшін кәсіпкерлермен тиісті келіссөздер жүргізуді бастап кетті. Бүгінгі таңда қанша инвестор ғимараттарын қайта бейіндеуге дайын? Жалпы, бұл игі-шара нәтиже беретіндей қауқарлы ма? Бұл сұрақтарға тілшіміз арнайы өкілдерден жауап алып қайтты.