Мазмұнға өту
· 250 қаралым

Емханадағы келеңсіздік

Шымкенттегі №2 емхана таң атпастан елдің есін шығарды. Медициналық мекеме өзге түгілі, өз қызметкерлеріне есігін тарс жауып, ашпай қойған. Ал дертіне шипа іздеп келгендер дірдектеп, бірнеше сағат сыртта тұруға мәжбүр болыпты. Не болып жатқандығынан барлық адам бейхабар. Сөйтсе дәрігерлер жұмысқа шығудан бас тартқан көрінеді. Істің мән-жайын тілшіміз келесі материалда толығырақ тарқатады.

← Барлық жаңалықтар